25-02-21 |
570 рет қаралған
Маңғыстауда балабақшаға қатысты шу шықты.
Маңғыстауда балабақшаға қатысты шу шықты

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы балабақшалардың бірі бір жылдық тамақ үшін 22,3 миллиард теңге жұмсауды жоспарлағаны рас па? Мемлекеттік сатып алу сайтындағы ерекше лот пабликтерде тарап кетті.

Мемлекеттік сатып алуға қатысты қызықты мәліметті Михаил Козачковтың Telegram  арнасы салды. Балабақша 22,3 миллиард теңгеден астам сомаға азық-түлік сатып алуға тендер жариялаған.

«Ерекше ештеңе жоқ, жай ғана Маңғыстау облысындағы балабақша бір жылға азық-түлік сатып алады. 22 миллиард теңгеге. Басқалардың балалары қаншалықты тез өседі», – деп жазды Михаил Козачков.

Маңғыстау облысының әкімдігі желіде қызу талқыға түскен балабақшаға қатысты мәліметті техникалық қате деп түсіндірді.

«Қазіргі уақытта деректерді түзету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы Ы. Құлатай, мектепке дейінгі мекеме басшысы мен бухгалтерге қатысты тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданады», – деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.