04-01-21 |
440 рет қаралған
ЕЛІМІЗДЕ COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 288 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР.
ЕЛІМІЗДЕ COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 288 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР

 

Ведомстоваралық комиссия коронавирус инфекцисын жұқтырғандарға қатысты соңғы мәліметтерді жария етті.

4 қаңтардағы мәлімет бойынша, 22 710 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 132 пациент стационарда, 17 578 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

ПТР тест қорытындысы «теріс» және «оң» шыққан науқастар арасында 288 адамның жағдайы ауыр деп бағаланған. Оның ішінде 49 пациенттің жағдайы өте ауыр және 41 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушыларға қатысты 2 қаңтардағы мәлімет бойынша 38 жағдай тіркеліп, 1 жағдай өліммен аяқталған. 47 адам дертінен жазылып шыққан.

1 тамызынан бастап 45 984 алам COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдыққан. Оның ішінде 509 науқас қаза болды. 33 298 адам сауығып шықты.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан 2021 жылдың ақпан айынан бастап Ресейдің “Спутник V” вакцинасын жаппай сала бастайды. Бұл вакцина “Қарағанды дәрі-дәрмек кешенінде” өндіріле бастаған. Кешенде вакцинаның 2 млн дозасы шығарылады деп отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.