15-07-21 |
690 рет қаралған
Цой болжамы: Елімізде тамыздан бастап індет жұқтырғандар саны артады.
Цой болжамы: Елімізде тамыздан бастап індет жұқтырғандар саны артады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың жаңа болжамын жариялады.

«Эпидемиологиялық жағдайды (КВИ «Дельта» штаммының белсенді таралуын) және вакциналаумен қамтуды ескере отырып, министрлік эпидемиологиялық жағдайдың болжамын жаңартты. Осылайша, пессимистік сценарийде 2021 жылдың шілде-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлар саны шамамен 400 мың адам (орташа есеппен тамыз айында 6 мың жағдайдан жоғары) болмақ«, – деп жазды министр facebook парақшасында.

Екінші реалистік сценарий бойынша, 2021 жылғы шілде-қыркүйекте тіркелген жағдайлар болжамды саны шамамен 355 мың адам (орташа есеппен тәулігіне тамыз айында 5,3 мың жағдайдан жоғары) болмақ. Ал оптимистік сценарий бойынша, 2021 жылдың шілде-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлар саны шамамен 330 мың адам (орташа есеппен тамыз айында ең жоғары жағдай – тәулігіне 5 мыңға жуық) болуы мүмкін», – деп толықтырды Цой.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.