24-09-20 |
840 рет қаралған
Коронавирустың екінші толқынына дәрігерлерге үстемақы төлеу үшін 91.9 млрд теңге қарастырылды – ДСМ.
Коронавирустың екінші толқынына дәрігерлерге үстемақы төлеу үшін 91.9 млрд теңге қарастырылды – ДСМ

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирус пандемиясы басталғалы бері медицина қызметкерлеріне 73,7 млрд теңге үстемақы жіберді. Ал, коронавирустың екінші толқынына дәрігерлерге үстемақы төлеу үшін 91,9 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы бүгін қордың басқарма төрағасы Болат Төкежанов мәлімдеді.

Қаражат бөлу реті бойынша, тамыз айының қорытындысы бойынша 66 мың медқызметкерге 17 млрд теңгенің үстемақысы төленді. Наурызда 19 340 қызметкерге 3,4 млрд, сәуірде 42 926 маманға 7,6 млрд, мамырда 40 416 медицина қызметкеріне 8,7 млрд теңгенің үстемақысы берілді. Маусым айында 53 160 қызметкерге 12,3 млрд, шілдеде 78 963 медицина саласы қызметкеріне 24,9 млрд теңге үстемақы төленген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.