09-08-21 |
680 рет қаралған
Індет жұқтырған адамның жаттығу жасауы – өлімге апаруы мүмкін.
Індет жұқтырған адамның жаттығу жасауы – өлімге апаруы мүмкін

Коронавирус жұқтырған науқас тыныс алу жаттығуларын жасауға болмайды. 11-қалалық аурухананың бөлім меңгерушісі, дәрігер Айдана Аязбек тыныс алу жаттығуларының қаншалықты қауіпті екенін айтып берді. 

Оның сөзінше, тыныс алу жаттығулары көп жағдайда науқастың коронавирустан кейін қалпына келу кезінде жасалуы қажет. Ал коронавирустың асқынған кезінде мұндай жаттығуларды жасау қауіпті болуы мүмкін. 

“Дәрігерлер тыныс алу жаттығуларын науқастың жағдайына байланысты ұсынады. Науқаста коронавирустың белгілері байқалмаса, сәл жөтел болса, тыныс алу жаттығулары көмектеседі. Егер де сатурациясы төмен, өкпесі 50 пайызға зақымданған, жағдайы нашар болса, адам тіпті өз бетімен тыныс алу жаттығуларын жасай алмайды. Мұндай жағдайда тыныс алу жаттығуы науқастың жағдайын нашарлатады. Адам біреудің ұсынысымен тек қана гимнастика жасап, коронавирусқа қарсы ем алмайтын болса, тіпті өлімге дейін апаруы мүмкін. Яғни, жағдайы ауыр, сатурациясы төмен, өкпесінің тең жартысы зақымданған, әлі ем қабылдаған адамдарға мүлдем тыныс алу жаттығуын жасауға болмайды. Сондықтан, дәрігерлер тыныс алу жаттығуларын емделіп болғаннан кейін 2-3 айға дейін жасауға кеңес береді”, – дейді маман. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.