02-06-21 |
570 рет қаралған
Қазақстандықтар вакцинация паспортының қағаз нұсқасын емханадан алады.
Қазақстандықтар вакцинация паспортының қағаз нұсқасын емханадан алады

Алматылық дәрігер Гүлжанат Тілеген вакцинация төлқұжатының қағаз нұсқасын қалай алуға болатынын айтып берді.

Дәрігердің айтуынша, қағаз нұсқадағы вакцинациялау құжатына арнайы QR код басып шығарылады.

«Бізде 65 жастан үлкен адамдар, созылмалы аурулары бар және диспансерлік есепте тұрған адамдар көп. Көптеген адамдар смартфонды пайдалануды білмейді, кейбіріне тіпті телефон жоқ. Мұндай адамдарға қағаз жүзіндегі вакцинация куәліктері көмекке келеді», – деді Гүлжанат Тілеген.

Қағаздан анықтама алу үшін азаматтар вакцинация пунктіне немесе емханаға жүгінуі керек.

Паспорттың қағаз түрі «Вакцинацияның бірыңғай базасы» арқылы беріледі. Бұл мәліметтер базасында медициналық мекеменің қызметкері адамның ЖСН енгізіп, вакцинация туралы қажетті мәлімет таба алады.

«Логин мен парольге ие дәрігер немесе мейірбике қызметкерлері ғана мәліметтер базасына қол жеткізе алады», – деді дәрігер.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.