07-11-20 |
750 рет қаралған
Билік дін мәселесіне нүкте қойды.
Билік дін мәселесіне нүкте қойды

айтыскер ақын, «Асыл арна» діни телеарнасын басқарған Мұхамеджан Тазабектің төңірегінде ұзақ жылға созылған діни дауға билік нүкте қойды. Орталық коммуникациялар қызметінде 7 қараша күні өткен баспасөз мәслихаты барысында М.Тазабек о бастан діни басқармамен бірлесіп түрлі жобаларды іске асырып келе жатқанын, алайда қаңқу сөздер де көп болғанын айта келіп:

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бір бағытта, бір шариғатта келе жатырмын. Менде басқа бағыт, басқа жол жоқ» деп мәлімдеді.

Осылайша, әркез қоғамда түрлі дау-дамайдың көзі болып келген күрмеуі қиын, шешілместей көрінген діни шетін мәселені билік біржола нүкте қойып, шешімін тапты.

Бұған дейін мәлім болғандай, діни басқарма «Халық» арнасы атты жаңа діни арна ашылып, «Асыл арна» телеарнасы жабылды. Және де Мұхамеджан Тазабек арнайы мәлімдеме жасап, діни сеніміне қатысты жария көзқарасын айтқан еді.

«Соңғы 7-8 жылда осы мәселені зерттеумен айналысып, Алла разы болсын соңғы нүктесін Наурызбай хазірет қойып отыр. Өйткенде осыған байланысты соңғы бір күмәндарым, соңғы бір сейілмей тұрған дүниелерімді бұ кісі ақ қарасын, аманатын мойнына арқалап отырып айтып, түсіндіріп мен бір бармаған бұрыштар мен дүниелер бар екен, күмәнімді кетірді» деген еді ол.

Сондай-ақ Орталық коммуникациялар қызметінде 7 қараша күні өткен баспасөз мәслихатында ҚМДБ төрағасының орынбасары Ершат Оңғаров: «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхаметжан Тазабеков ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің отырысына келіп мәлімдеді. Тірнектеп жинаған контенттік архивін «Халық арнаға» толық тапсыратынын айтты. Мұхаметжанға осындай кемеңгерлік көрсеткені үшін дән ризамыз» деді.

Ал Мұхамеджан Тазабек болса, «Тәлімтв» арнасы жайлы да айтты.

«Тәлім тв» телеарнасы әлеуметтік рөлдік модельдерді ұсынатын мотивациялық консервативті алаңға айналады деген ойдамын. Телеарна саласында 10 жылдық тәжірибеммен қажет болған жағдайда «Халық арна» телеарнасы үшін де бөлісуге дайынмын» деді ол.

фото: ortcom.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.