03-11-20 |
930 рет қаралған
«Charlie Hebdo» журналыдағы карикатураға қатысты діни басқарма мәлімдеме жасады.
«Charlie Hebdo» журналыдағы карикатураға қатысты діни басқарма мәлімдеме жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Францияның «Charlie Hebdo» журналының Мұхаммед пайғамбарға жасалған карикатураға байланысты мәлімдеме жасады.

«Жуырда Францияның «Charlie Hebdo» журналының Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келемеж суретін салуы және кейбір билік өкілдерінің айтқан қисынсыз пікірі әлемдегі барлық мұсылмандардың ашу-ызасына себеп болды.

Төзімсіздік пен өшпенділіктің әлеуметтік-экономикалық, саяси және заңнамалық себептерінен өзге, қоғамда қалыптасқан мәдени және рухани құндылықтардың құлдырауына, қоғамның тұтастығы мен мәдениетаралық қатынастың бұзылуына алып баратыны сөзсіз. 

Әйтсе де, шынайы мұсылман өзінің пайғамбарына болған сүйіспеншілігін, оның нағыз үмбеті екенін сенімі мен ізгі істері, әдептілігі мен көркем мінезі арқылы көрсетеді. Сонымен қатар, мұсылмандар өз діні мен пайғамбарын қорлауға жол бермейді. Себебі, пайғамбарға иман келтірумен қатар оны қорғау да мұсылманның міндеті болып табылады» делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ діни басқарма мұсылмандарды арандатуға ермеуге шақырып, әр нәрсенің заң аясында шешілуіне мүдделі болуға үндейді.

«Осы жағдайға байланысты, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өзінің келіспеушілігін білдіреді және мұсылмандарды түрлі арандатушылық әрекеттерге берілмей, барлық амалдардың шариғат әрі заң шеңберінде шешілуі тиіс екендігін жеткізеді. Еліміздегі дін өкілдері мен қарапайым халықтың кейбір саяси күштер мен түрлі радикалдық топтардың құрбаны болып кетпеуін қалайды» дейді діни басқарма.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.