22-05-20 |
890 рет қаралған
Мүфтият: Ораза айт намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайды.
Мүфтият: Ораза айт намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайды

Елдегі карантин жағдайдына байланысты биылғы ораза айт намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайды. Бұл туралы ҚМДБ арнайы мәлімдеме таратты.

«Биылғы ораза айт намазы еліміздегі карантин жағдайына байланысты мешіттерде жамағатпен өткізілмейді. Ханафи мәзһабы бойынша айт намазын үйде жеке оқу дұрыс емес.

Бірақ, айт күні күн найза бойы көтерілгеннен кейін әркім өз үйінде екі немесе төрт ракағат нәпіл (дұха) намазын жеке оқи алады. Оны төрт ракағат етіп оқу – абзал» делінген мүфтияттің мәлімдемесінде.

Коронавирустың таралуына байланысты төтенше жағдай алынғанымен қалалар мен аймақтардағы карантин ережесі әлі сақталып отыр. Коронавирустың Қазақстанда таралуы тоқтаған жоқ. Соңғы дерек бойынша ел бойынша инфекция жұқтырғандар 7597 адамға жетті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.