03-11-20 |
1150 рет қаралған
«Мұхаммед пайғамбар өз уағызында кек алуды өсиет еткен жоқ».
«Мұхаммед пайғамбар өз уағызында кек алуды өсиет еткен жоқ»

Ресейдің Жоғарғы мүфтиі Талғат Таджуддин (суретте) Мұхаммед пайғамбар карикатурасын «түкке тұрғысыз» деп атап, сол үшін соғысуға болмайды деп мәлімдеді. Бұл туралы РБК ға сілтеме жасай отырып, dalanews.kz жазады.

«Жарайды, әлгі адамды дұшпан санап, соғыс жарияладың делік. Содан не ұттың? Одан бұрын бір емес, бірнеше миллион адамның қарғысына қалған қарсы тарап өзін қалай сезінеді? Дін жолын қуған әрбір адам мұны алдымен ар-ұят тұрғысынан бағамдап, ашуды ақылға жеңдіруі керек. Сонда ғана бақ-береке орнайды». 

Таджуддин арандатуға арбалып қалмауға шақырды. 

“Осыдан алты-жеті бұл бұрын дәл осындай дау болды. Батыстағы бірнеше ел пайғамбардың суретін салып, соңы айғай-шуға ұласты. Батыс елшіліктеріне шабуыл жасалды… Француз елшілігінің алдына тағы да нөпір адам жиналыпты. Неге? Не үшін”, – дейді Талғат Таджуддин. 

Бұған қоса, ол Шешенстан мүфтиінің айтқандарының оның жеке пікірі деп санайды. Бұның алдында шешен мүфтиі Франция президенті Эммануэль Макрон мен француздарды барша мұсылманның жауы деп мәлімдеген.

“Мұхаммед пайғамбар өз уағызында кек алу өсиет еткен жоқ, керісінше кешіре білуді жоғары бағалады. Сондықтан біреуді жау деп жариялау Исламның құндылығына қайшы”, – деді ол.

Франциядан кейін Австрия астанасы  – Вена қаласында террорлық шабуылдар болды. Көптеге елдер Венадағы шабуылды айтып жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.