24-08-20 |
1340 рет қаралған
Санаулы минуттық дәріс сананы өзгертуге пәрменді.
Санаулы минуттық дәріс сананы өзгертуге пәрменді

Түрлі әлеуметтік желілер арқылы тараған аудио уағыздарға кезінде көп мән берілмеді. Соның кесірінен ғаламтор арқылы қолдан-қолға тараған жазбалар қаншама азаматтың санасын улап, дінге деген теріс көзқарасын қалыптастырды. Мұндай іспен білімі жоқ, қарапайым азаматтар айналысса кешірімді. Ал қызметтегі азаматтардың тексерілмеген ақпаратты, соның ішінде жат ағымды насихаттауы үлкен қауіп.

Мәселен жақында Ақтөбе станциясының желілік полицейлері елімізде таратуға тыйым салынған аудиожазба иесін анықтады. “ВКонтакте” әлеуметтік желісінде теріс уағызға үндеген жігіт теміржолда жұмыс істеген.

Бұл жағдай Көлік полициясы департаментіне қарасты Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «ВКонтакте» әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу кезінде белгілі болды. Айыпты азаматтың жасы 33-те. Ақыл тоқтатын жасқа келген жігіт әлеуметтік желіде дәстүрлі емес исламның идеяларын қамтитын аудио-дәрістерді сақтаған.

«Діни сараптама нәтижелері бойынша аудиожазбаға Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынғандығы анықталды. Соған орай іс қозғалып, хаттама толтырып, айыптының әрекеті сотта сараланды. Ақтөбе қаласының мамандырылған әкімшілік сотының шешімімен Б есімді азамат ҚР ӘҚБтК 453-бабы 2 бөлігімен (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін,сол сияқты өзге де өнімді Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату ) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыпты азаматқа 20 АЕК, яғни, 55 560 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды» деп хабарлады Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда аталған материалға Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің талабы бойынша Қазақстан аумағында тыйым салынған.

Ж.Есмағамбет

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.