04-02-19 |
1920 рет қаралған
Қазақстанның мемлекеттік борышы 40 миллиард доллар.
Қазақстанның мемлекеттік борышы 40 миллиард доллар

Елдің халықаралық резервтері 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 88,6 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде Ұлттық Банктің алтын-валюта активтері 30,9 млрд. АҚШ доллары, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 57,7 млрд. АҚШ доллары.

Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай кірістері 2018 жылғы қаңтар-қарашада 1 002,4 мың теңгені құрады және 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 10,8%-ке, нақты мәнде 4,4%-ке өсті.

Орташа айлық номиналды жалақы 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда (бағалау) 161,4 мың теңгені құрады және номиналды мәнде 7,2%-ке ұлғайды.

Қазақстанның мемлекеттік борышы 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 15 387,2 млрд. теңгені (40,1 млрд. АҚШ доллары)құрады, бұл 2018 жылғы болжамды ЖІӨ-ге қарағанда 26,4% құрайды. Мемлекеттік борыштың 75,9% (11 674,2 млрд.теңге немесе болжамды ЖІӨ-ге қарағанда 20,0%) ҚР Үкіметінің борышы, оның ішінде ішкі борыш – болжамды ЖІӨ-ге қарағанда 10,4%, сыртқы борыш –болжамды ЖІӨ-ге қарағанда 9,7% құрайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.