03-04-20 |
440 рет қаралған
42500 теңге: Президент әкімшілігі жанындағы IT-штаб арнайы сайт ашты.
42500 теңге: Президент әкімшілігі жанындағы IT-штаб арнайы сайт ашты

Президент Әкімшілігі жанындағы IT-штаб 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмекке ЭЦҚ-сыз өтініш беруге болатын enbek.kz сайтының аясында арнайы бөлім 42500.enbek.kz  ашты. Өтініш веб-сайттағы жолдарды толтыру арқылы және ұялы нөміріңізге келетін бір реттік SMS пароль арқылы қол қою тәсілімен жүзеге асады. Бұл сайт қазіргі таңда, тек қана мекемелерде жұмыс істеген, бірақ карантин үшін жалақысыз демалысқа жіберілген өтініш жіберушілерге арналған. Жеке кәсіпкерлер және өзін өзі жұмыспен қамтыған адамдарға осы мүмкіндікті кейінірек ашамыз.

Сайт BTS Digital компаниясының Aitu City тобы, «НИТ» АҚ және Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Президент Әкімшілігі жанындағы IT-штабтың қолдауымен жасалды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.