03-02-21 |
1110 рет қаралған
Еліміздегі қос қалада аурухана салуға кеткен шығындар саналды.
Еліміздегі қос қалада аурухана салуға кеткен шығындар саналды

«Делойт» компаниясы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы жұқпалы аурулар ауруханаларын салуға кеткен шығындарды тексеруді аяқтады, деп хабарлайды  Arasha.kz.

Компания тарапынан жұмсаған шығындарға қатысты тәуелсіз қаржылық-техникалық талдауға BI Group шығындары жалпы жобаларды іске асыру мақсаттарына сәйкес келеді. Бұл туралы «Делойт» компаниясы хабарлайды.

BI Group холдингі өткен жылдың сәуір айында жұқпалы аурулар госпитальдарының құрылысына бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын растау үшін халықаралық деңгейдегі беделді компания шақырылатынын айтты. Шығындардың негізділігіне қатысты Deloitte TCF компаниясымен тәуелсіз қаржылық-техникалық талдау қызметтерін көрсетуге арналған шарт 2020 жылғы 13 сәуірде жасалған.  

«Нұр-Сұлтан қаласындағы жұқпалы аурулар госпиталі бойынша құрылыс холдингі мәлімдеген құны ҚҚС-сыз 5 034 233 мың теңге жалпы сомасы ҚҚС-сыз 4 956 769 мың теңгеге бағаланған құрылыс құны расталды. Алматы қаласындағы жұқпалы аурулар медициналық мекемесінің құрылысы бойынша шығындарды «Делойт» жалпы сомасы ҚҚС-сыз 4 363 409 мың теңгеге растады, құрылыс холдингі мәлімдеген құны ҚҚС-сыз 4 383 083 мың теңге», – дейді компания.

Deloitte – әлемнің 150-ден астам елінде экономиканың түрлі саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге консалтинг және бухгалтерлік  есептілікті тексеру бойынша қызмет көрсететін әрі аудиторлық фирмалардың жаһандық «үлкен төрттігіне» кіретін компаниялардың халықаралық желісі.  

Тапсырыс берушілер бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласындағы госпиталь бойынша ҚҚС-сыз 4 665 178 мың теңге және Алматыдағы госпиталь бойынша ҚҚС-сыз 4 221 065 мың теңге мөлшерінде сома төледі. Жобалардың қаржылық нәтижесінің теріс болу себебі шектеулі мерзім мен Қазақстандағы және одан тыс жерлердегі шекаралардың жабылған уақытында үстеме шығындардың өсіп кетуі салдарынан болғандығын атап өткен жөн. Холдинг қазіргі уақытта Тапсырыс берушілер тарапынан қойылатын талаптарға байланысты госпитальдарға қосымша жабдықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.