20-04-20 |
690 рет қаралған
Министр: 42500 теңге үшін ешкімді қылмыстық жауаркершілікке тартпайды.
Министр: 42500 теңге үшін ешкімді қылмыстық жауаркершілікке тартпайды

42500 теңге үшін ешкімді қылмыстық жауапкершілікке тартпайды, ешкімді тексермейді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі айтты

«42 500 теңге алған бірде-бір адам, егер ол қателессе де, жауапқа тартылмайды. Осыған тоқталайық. Біз ешкімді тексермейміз, бұл әлеуметтік төлем. Біз ешкімді тексермейміз, үйге бармаймыз. Ештеңеге алаңдамаңыз, олар сізге ақша төледі – оны алыңыз, жұмсаңыз. Егер кімде-кім тексерілсе, бізді тексереді» деді Біржан Нұрымбетов.

Үкімет коронавирус инфекциясының таралуына байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде азаматтарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек тағайындаған. Бұл көмек көптеген дау-дамаймен жүрді. Ел ішінде үлкен талқыға айналды. Сондай-ақ үкіметтің электронды қызмет түрлерінің сын көтермейтін халде екенін көрсетті. Соған қарамастан әлеуметтік көмекті миллиодаған адам алды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.