05-05-18 |
4850 рет қаралған
100-оқулық аударма жобасы қалай іске қосылды?.
100-оқулық аударма жобасы қалай іске қосылды?

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан бұл жиында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жарияланғанына бір жыл толғанда атқарылған істер мен қол жеткізген жетістіктерді көз жүгіртіп өтуді жөн көрдік.

Өз мақаласында президент таяу жылдардағы міндеттер қатарында қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша 100 жаңа оқулық аудару жобасын іске асыруды тапсырған еді. Осыған орай, WikiBilim қорының негізінде құрылған мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросы іске кірісіп кетті. Өткен бір жылдың ішінде 18 оқулық аударылды, редакцияланып, баспаға дайындалды. Оның әрқайсысы 10 мың данадан басып шығарылды. Жаңа оқу жылынан бастап студенттер жаңа кітаптарды оқу бағдарламасы аясында пайдалана бастайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен үкіметтік емес және коммерциялық емес негізде жұмыс істейтін Ұлттық аударма бюросы құрылғаннан кейін «100 оқулық» жобасы жариялана салысымен, еліміздің жоғары оқу орындарынан жалпы саны 800-ден аса аударылуы керек деген оқулыққа ұсыныс келіп түскен. Бұлар, негізінен, ұстаздар бұған дейін өз бетінше аударып, лекцияға айналдырып жүрген, түпнұсқасы ағылшын тіліндегі, әлемде кең таралған, беделді ғалымдардың оқулықтары.      Мамандардан құралған арнайы жұмыс тобы аударылатын оқулықтарға қойылатын талаптарды анықтап алды. Осы талаптарға сәйкес, оқулықтың дүниежүзіндегі маңдайалды 100 университеттің бағдарламасында болуы қажет, мазмұны өзекті әрі идеялық тұрғыдан бейтарап болуы керек, заман талабына сай, интерактивті үлгіде оқып-үйренуге мүмкіндік беруі қажет екені нақтыланды. Осындай талаптар негізінде философия, әлеуметтану, психология, тіл білімі, антропология мен дінтану, журналистика, экономика мен кәсіпкерлік салаларын қамтитын алғашқы 18 оқулық іріктелді.

Біздің білуімізше, осы жобаны тікелей үйлестіріп, іске асуын реттеп отырған Ақордадағы ішкі саясат пен идеологияға жауапты тұлғалар.  Соңғы бір жыл ішінде идеологиялық, гуманитарлық салада шын мәніндегі тың серпілістің басталғанын ескерсек, жоғарыдағы оқулықтардың да дұрыс таңдалып, тиісті академиялық деңгейде жарыққа шығарына күмән жоқ.

Соған бір дәлел, алғашқы 18 кітап өте қатаң іріктеуден өткен көрінеді. Бұл кітаптар бұған дейін әлемнің 42 елінде 34 тілде басылып, жалпы таралымы 47 миллионнан асқанын атаса да жеткілікті. Ерекше айтып өтетін мәселе – бұрын-соңды мұндай бестселлер еңбектер қазақ тілінде «сөйлеп» көрген емес. Осыдан-ақ жобаның қаншалықты маңызды екенін ұғынуға болады.

Сонымен, жарты жылдан астам уақыт ішінде Ұлттық аударма бюросы мынадай кітаптарды қазақ тіліне аударды: «Философияның қыс­қаша тарихы: Сократтан – Дер­ри­даға дейін» (авторы – Дерек Джонс­тон), «Батыс фи­­ло­со­фиясының жаңа тарихы. Ан­­тика философиясы» (4 томдық, І том) және «Батыс фи­ло­со­фиясының жаңа тарихы. Орта ғасыр» (4 том­дық, ІІ том, авторлары – Энтони Кенни), «Ф­и­ло­софияның таң­­дау­лы 25 кітабы» (Ре­ми Хесс), «Әлеуметтану не­гіздері» (Дэвид Брин­керхоф), «Әлеу­меттану теориясы» (Джордж Ритцер), «Көпке ұмтылған жалғыз.  Әлеуметтік психологияға кіріспе» (Элиот Аронсон), «Қа­зіргі психология тарихы» (Дуэйн П.Шульц және Сидней Еллен Шульц­), «Әлеуметтік психо­логия» (Дэвид Майерс), «Эко­но­микс» (Грегори Мэнкью мен Марк П.Тейлор), «Кә­сіп­керлік: теория, процесс, прак­тика» (Дональд Ф.Куратко), «Менеджмент» (Рикки В.Гриф­фин), «Иудаизм, хрис­тиан­дық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану бая­ны» (Карен Армс­тронг), «Тіл біліміне кіріспе» (Виктория Фромкин, Ро­берт Родман, Нина Хаймс), «Тіл және мәдениетаралық коммуника­ция» (Светлана Тер-Минасова), «Антро­по­логия тарихы мен теориясы» (Алан Барнард), «Төртінші индус­триялық революция» (Клаус Шваб), «Медиаэтика» (Ли Энн Пек, Гай С.Рил).

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.