06-06-19 |
5140 рет қаралған
«342 ай алдаумен өтті…» танымал әншінің жүйені сынаған әні жарыққа шықты.
«342 ай алдаумен өтті…» танымал әншінің жүйені сынаған әні жарыққа шықты

Танымал қазақстандық әнші Мархаба Сәбидің «Жүйе» деген әні жарыққа шықты. Әннің сөзін жазған Сәкен Мұсағалиев, әнін орындаушы М. Сәбидің өзі жазған. Бұл ән youtube әлеуметтік желісінде 5 мамыр күні жарияланып, 6 мамырда қаралым саны 2600 ден асты, 50 ден артық адам пікір білдіріпті.

Желіде пікір қалдырғандардың кей бірі халықты оянуға шақырып жатса, тағы бірі Мархаба Сәбидің өнеріне тәнті екендерін жазыпты.

«Ай, жарайсың Мархаба! Мықты вокалист, композитор болуың өз алдына, елімізде болып жатқан жағдайларға байланысты өз үндеуіңді әніңе қосып айтып жатырсың! Ал басқа жұлдыздарымыз қайда? ҚАЗАҚТЫҢ тойынан ақша тапқаннан басқа не істеп жүр, осындайда азаматтық позицияларын көрсетпей ме, үн түнсіз, қай жеңгеннің жағындамыз деп күтіп жатыр. Мархаба, сізге рахмет! Бақытты болыңыз!»– деген пікірі білдірсе, тағы бір желі қолданушысы:

«342 ай 28 жарым жыл, магынасы жаксы екен», – депті. Сондай-ақ: «Менің екінші əнұраным енді бұл əн», «шынымен жүйені өзгерту керек» , «Неткен мықтылық, нағыз талант. Жарайсың» десіп жатқандар бар.

Мархаба Сәбидің өзі инстаграм парақшасында

«Бұл ән – біздің елдегі 
авторитарлы жүйеге қарсы пікірім!
Ең «бірінші» адамнан бастап ең төменгі деңгейге дейін шіріген «жүйеге» қарсы пікірім.
Коррупцияға былыққан жүйеге қарсы пікірім.
«Өзгеру керек, өзгерту керек». 10 жыл бұрын осы ойда болғанмын. Әлі де сол ойдамын. 
Биліктің құлағымызға ілген «лапшасының» ұзындығымен жерді екі айналдыруға болады. Оған әбден көз жетті.
Біздегі «жүйеден» тағы кім шаршады, ой білдіріңіздер!!!» -деп жазыпты әнші.

«Жүйе» әннің мәтінінде:

«Келешекте не болмақ?

Бұл жүйеге бәрі бір.

Кете берсе осылай,

Ертеңгі күн көк түтін.

Ертеңгі күн бұлыңғыр…» , деген өлең жолдары бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.