13-06-24 |
550 рет қаралған
Алаяқтар ақша үнемдегісі келетіндерді алдап, қалай ақша алады.
Алаяқтар ақша үнемдегісі келетіндерді алдап, қалай ақша алады

Қауіпсіздік сарапшыларының пікірінше, арзан тауарлар немесе қызметтер «сату» сияқты схема алаяқтар кеңінен қолданылатын әдістердің бірі. Алдауды танып, кибер ұрылардың қармағына түспей, қалай үнемдеуге болатыны жайлы айтып берейік.

Бұл өте қарапайым, бірақ тиімді схема. Оған жүздеген қазақстандық тап болады.

Ол қалай жұмыс істейді?

Алаяқтар өнімді немесе қызметтерді өте төмен бағамен сатылымға шығарады. Олар арнайы сайттарда пайдаланылған тауарларды «сатады» немесе тауарлары қолда бар Instagram дүкені ретінде қызмет етуі мүмкін. Схемада әртүрлі курстар, тренингтер немесе сұраныс жоғары басқа қызметтер де ұсынылады.

Егер баға тым арзан болса, мұның өтірік екенін бәрі түсінеді емес пе?

Кейде ғана. Әдетте, алаяқтар әлеуетті клиенттерге «біз тікелей жеткізушілерміз», «қоймадағы заттар сатылуда» және т.б. айтады. Яғни, олар бағаның төмендігі өнімнің сапасыздығына байланысты емес, бұған басқа да себептер бар екеніне көндіреді. Ал курстар немесе басқа қызметтер ұсынылса, онда алаяқтар жаппай сатылым, супер-акцияның соңғы күні деп айтуы мүмкін.

Сатушының сенімді екеніне көз жеткізу үшін өнімнің фотосуреті мен видеосын сұрай аламын

Бұл қауіпсіздікке кепілдік бермейді. Алаяқтар фотосуреттер мен видеоларды Желіден алады немесе сатып алушы ретінде осыған ұқсас өнімді сатушылардан сұрауы мүмкін.

Алаяқтар ақшаны қалай алады?

Клиент алаяқтарға сеніп, сатып алуға дайын болған кезде, олар тауар үшін алдын ала төлем жасауын сұрайды. Әдетте олар тауардың бір ғана данасы қалды, оны алам деушілер көп, сондықтан оған «бронь» қою үшін төлем жасау керек дейді. Егер клиент толық құнын төлеуге келіспесе, онда алаяқтар мұнымен тоқтамай, алдын-ала төлем ретінде бағаның белгілі  бір бөлігін сұрайды.

Картадан ақша аударғаным көрініп тұрады. Олай болса, мен оны қайтара аламын ба?

Бұл кейбір жағдайларда ғана мүмкін болады. Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі маман Дамир Нұритдинов түсіндіргендей, картадан картаға ақша аудару қандай да бір қызмет көрсетудің немесе тауар сатудың кепілі болып табылмайды және ол өтеусіз болып саналады. ҚР Азаматтық кодексінде негізсіз баю туралы бап бар. Ол сіз қателесіп біреуге ақша аударған жағдайларға қатысты. Алайда оны қолдану үшін сотта қателік жібергеніңізді дәлелдеу керек.

Егер ресми төлем шотын сұрасам бола ма? Бұл қауіпсіз бе?

Жоқ. Алаяқтар басқа біреудің жеке кәсіпкерлік кабинеттерін жалға алып, олардың банктік қосымшалардағы шоттарына кіре алады. Бұл схема қалай жұмыс істейтіні туралы біз бұған дейін жазған болатынбыз.

Олай болса, сатып алу кезінде қауіпсіздікке қалай кепілдік беруге болады?

Егер өнімді қолдан сатып алсаңыз, онда сатушымен кездесіп, оның сапасын көріп (қолда барын біліп), бағалаған дұрыс! Егер жаңа тауар сатып алмақ болсаңыз, оны ресми дүкендерден немесе тексерілген ірі маркетплейстерден алғаныңыз жөн, онда сатып алушылар да, сатушылар да алаяқтардан қорғалған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.