01-05-19 |
1450 рет қаралған
Қазақстанда биыл да «Бессмертный полк» маршы өтеді.
Қазақстанда биыл да «Бессмертный полк» маршы өтеді

2011 жылы Ресейдің Томск қаласында пайда болып, кейіннен кең тарап кеткен «Бессмертный полк» маршы Қазақстан да биыл да өтпекші. tengrinews.kz сайты маршқа қалай қатысуға болатын тәптіштей жазып, екінші дүниежүзілік соғыс деректеріне қатысты Ресейдің бірқатар сайттарының сілтемесін беріп, қай сайттан нені қалай табуға болатынын тізбектеп жазып шыққан.

tengrinews.kz-тің жазуынша, ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы Мұрат Әбдішүкіровтің биыл «Бессмертный полк» маршына 150 мыңдай адам қатысады деген екен.

Алматы және Астанада өтетін «Бессмертный полк» маршын ұйымдастырға ауған соғысы ардагерлері одағына жергілікті әкімшіліктер көмектеседі екен.

Естеріңізге салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге ресми сапары кезінде РФ президенті В.Путин екеуі бірлескен мәлімдеме жасаған еді. Сол мәлімдемеде: «Қазақстан мен Ресей біздің одақтастық қатынастарымыздың, ең маңызды негізі болып табылатын ортақ тарихымызды, ең алдымен, Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын бұрмалау, қайта жазу және «қаралау» әрекеттерін құптамайды» делінген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.