23-04-21 |
370 рет қаралған
«Билік жерімізді Қытайға беруді көздеп отыр».
«Билік жерімізді Қытайға беруді көздеп отыр»

Жанболат Мамай ертең яғни 24 сәуірде Алматыдағы Шоқан Уәлиханов алаңына және Астанадағы қалалық цирктің алдына жаппай жерді қорғау митингісіне шығуға үндеу тастады.

«Жер үшін өз басым жанымды да, бостандығымды да құрбан етуге даярмын. Жерден айрылсақ, Отанымыздан, тәуелсіздігімізден айрыламыз. Дәл қазір бұл қылмысты тоқтатпасақ, несіне азаматпын, қазақпын деп жүреміз?!

Ертең, 24 сәуір күні сағат 12-00, Алматыдағы Шоқан Уәлиханов алаңына, Астанада қалалық цирктің алдына (Қабанбай батыр,5) жаппай шығыңыз! Билік халықтың алаңға шығуынан ғана қорқады! Митингке шықпай, үйінде бұғып қалу дәл осы сатқын билікке жерді саудаға салуға септескенмен бірдей! Біз митингке дайынбыз!» , – деп жазады ол facebook парақшасында.

Сондай-ақ Жанболат Мамай «билік жерді Қытайға беруді көздеп отыр», «Мәжіліс орман өсіруге шетелдіктерге 25 жылға қазақтың жерін жалға беретін заң жобасын мақұлдады» деп жазды.

«Мен сіздерге ашық айтамын әрі бұл ресми ақпарат: Мәжіліс орман өсіруге шетелдіктерге 25 жылға қазақтың жерін жалға беретін заң жобасын мақұлдады! Яғни, біздің жерімізге қазір қатер төніп тұр! Біз жерімізден айрылғалы тұрмыз! Қазақтың өзі ағаш отырғызып, орман өсіре алмайды деген сылтаумен сатқын билік жерімізді Қытайға беруді көздеп отыр!», – дейді ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.