22-06-24 |
9880 рет қаралған
«Әділдік және өркендеу» Қоры денсаулық сақтау мәселелерін шешуге кірісті.
«Әділдік және өркендеу» Қоры денсаулық сақтау мәселелерін шешуге кірісті

Ұйым белсенділері Шымкенттегі Қордың өңірлік өкілдерінің кездесуінде медициналық сақтандыру саласындағы ахуалды өзгерту және білім беру ұйымдарындағы тамақтануды жақсарту бойынша өз қорытындылары және ұсыныстарымен бөлісті.

Бірнеше өңірде қоғам қайраткерлері мен мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен сараптамалық сессиялар өткізілді, онда азаматтарды медициналық сақтандыру саласын жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланды. Қордың Денсаулық сақтау жөніндегі қоғамдық комиссиясының басшысы Қуаныш Керімқұловтың айтуынша, ұйым белсенділері мен медицина саласындағы сарапшылардың күш-жігері денсаулық сақтау жүйесін қолжетімді әрі сапалы етуге бағытталған.

«Біз осы бағыттағы жұмысымызды жалғастырамыз. Денсаулық сақтау мен білім беру біздің әлеуметтік саламыздың ажырамас бөлігі болып табылады. Азаматтардың ұзақ өмір сүруі мен оның сапасын арттыру үшін медициналық қызмет көрсету деңгейін көтеру біз үшін бірінші кезектегі міндет болып табылады», – деп атап өтті Қуаныш Керімқұлов.

Қор белсендісі Әсет Оңалбаев балаларға арналған білім беру мекемелерінде болашақ ұрпақтың денсаулығына тікелей әсер ететін сапалы тамақтануды ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.

«Біздің болашағымыз-балалар, біз олардың денсаулығын сақтауға міндеттіміз. Ол үшін балаларды дұрыс тамақтандырған жөн. 2021 жылдан бастап Астана мен Алматыда 1-4 сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар мектепте тегін тамақтанады. 2023 жылдан бастап бұл жүйе барлық өңірде енгізілді. Өкінішке қарай, мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердегі тамақтану сапасы ақсап тұр. Санитарлық талаптар сақталмаған жағдайлар аз емес. Бұл бағытта әлі де көп жұмыс істеу керек», – деп, Қазақстанның оңтүстігіндегі мектептерде тамақтану сапасын қамтамасыз ету жобасына жетекшілік ететін өңірлік белсенді өз қорытындыларымен бөлісті.

Қор басшылығының ақпараты бойынша, оңтүстік облыстардың білім беру ұйымдарындағы тамақтану сапасын қоғамдық бақылау тәжірибесін жаңа оқу жылының басталғанда еліміздің барлық өңірінде енгізу жоспарда бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.