24-01-24 |
5030 рет қаралған
Депутат тұрғындар арасында да зілзаладан қорғану жаттығуын жүйелі түрде жүргізіп отыруды ұсынды.
Депутат тұрғындар арасында да зілзаладан қорғану жаттығуын жүйелі түрде жүргізіп отыруды ұсынды

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек бүгінгі Үкімет отырысында Алматыдағы жер сілкінісі жағдайын көтеріп, тиісті құрылымдардың бірден әрекет ете алмауын сынға алды.

«Зілзала – айтып келмейтін апат! Сондықтан біздің ел зілзала апатына дайын ба?! Біле білсеңіздер, бұл үлкен адам шығынына әкелетін қауіп-қатер.Сондықтан оған әркез сақадай сай дайын болған жөн. Бұған Алматыда болған жер сілкінісі куә. Аматылықтар орын алуы мүмкін жер сілкінісі туралы хабарлама алмады. Тұрғындар басында әбігерге түсті. Бойын үрей билеген халық жапатармағай сыртқа ұмтылды. Тіпті көпқабатты үйлердің терезесінен секіруге дейін барды. Көліктерімен қала сыртына шығып кетпек болғандарда есеп жоқ. Оның соңы ұзынсонар кептеліске ұласты», – деді депутат.

Оның айтуынша, Төтенше жағдай министрлігі мен басқа да тиісті мекемелердің зілзаладан қорғану бойынша жұмыстарын мұқият қайта қараған жөн.

«Тұрғындар арасында да зілзаладан қорғану шаралары бойынша оқу, жаттығу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыру керек. Фейк ақпараттарға сенгіш халықты қорқыныш биледі. Барлық жағдай да өтірік ақпарат тез тарап кететіні бар. Азаматтар тек ресми ақпаратты ала білуі қажет, әрбір тараған материалды жан-жақты тексеруіміз керек. Сол үшін, бізде апатқа дайын болатындай мәдениет қалыптасуы тиіс», – деді Б. Базарбек.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.