18-06-18 |
2920 рет қаралған
Электронды еңбек биржасының елге не береді?.
Электронды еңбек биржасының елге не береді?

Біздің ше, берері көп болмақ. Биыл ғана іске қосылған бұл жоба қазірдің өзінде-ақ өзінің тиімділігін көрсетір отыр. Мысалы, бүгінгі таңда порталда 49 мыңнан астап жұмыс іздеушілер өз түйіндемелерін тіркесе, 14 мың жұмыс беруші әртүрлі қызметтер ұсыныс отыр. Былтыры бірнеше қалада пилоттық жоба ретінде қосылып, биыл жыл басынан республика аумағын толық қамтыған электронды еңбек биржасы арқылы 171641 адам жұмыс тапқан. Қазіргі кезде электронды биржада 40815 бос жұмыс орны бар. Ал екі қолға бір күрек іздеп, түйіндеме ілгендер 87980. Жұмыс ұсынып отырғандар саны болса 53074. Осы сандарға қарап-ақ, электронды биржасына күн санап ел тұрғындарының сұранысы артып келе жатқаны байқалады.

Осылайша, бума-бума қағаз жинап, кейін оны арқалап жүріп табаныңнан таусылып, есік тоздырып жұмыс іздеу тарихқа айналды. Жаңа технологияның соның ішінде цифрландырудың арқасында үйден шықпай, тіпті кез келген жерден өзіңіз іздеген жұмысты табуға немесе іздестіруге мүмкіндік бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.