29-06-20 |
470 рет қаралған
Ертең Абай Құнанбайұлы атындағы телеарна жұмысын бастайды.
Ертең Абай Құнанбайұлы атындағы телеарна жұмысын бастайды

Қазақстан «Абай ТВ» және «әл-Фараби ТВ» деп аталатын екі телеарна ашылмақ. Бұл туралы халық алдында есеп беру жиыны барысында ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты.

Министрдің айтуынша, ертең яғни 30 маусымда «Абай ТВ» жұмысын бастайды. Жаңа телеарна «Қазақстан» ТРК құрамына кіреді. Телеарнада ұлттық мәдениеттің сан алуан қырын көрсетпек.

Ал «әл-Фараби ТВ» телеарнасы «Хабар» арнасының базасында құрылады. Ол арна ағартушылық бағыттағы 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөсіпірімдерге арналған білім арнасына айналмақ. Телеарна күзде жаңа оқу жылы қарсаңында қосылмақ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.