Бүгін Үкіметте кезекті отырыс өтіп, онда агроөнеркәсіптік кешенді өзектендіру, «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру және Алматы агломерациясы іске барысы сөз болған. Үкімет мүшелері толықтай қатысқан жиналыста Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек білім және ғылым министрлігінің Алматыны сейсмикалық микроаудандарға бөлу картасын әлі әзірлеп бітпегендігінің кесірінен Алматының бас жоспарын бекіту ісі кешеуілдеп жатқанын айтқан. Мұн естіген прьемер-министр Бақытжан Сағынтаев сейсмикалық картаның не себепті кешігіп жатқанын білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтен сұрағанда ол орнынан тұрғанмен жауап қата алмады. Сағадиев бұл әрекетіне Сағынтаев: «Баяндаманы тыңдамайсыз ғой… Жарайды, баяндама кім үшін айтылып отыр сонда? Үкіметте не үшін талқылауға саламыз, егер де оның бәрін тыңдамайтын болса» деп кейіді. Жиналыстан соң, Сағадиев журналисттер Байбектің баяндамасын 6-сыныпқа арналған дүниежүзінің тарихы оқулығын оқып отырып, тыңдай алмағанын айтыпты.
Естеріңізде болса, былтыры мектеп оқулықтарындағы өрескел қателер туралы дау туып, ол қоғамда қызу талқыланған. Соның әсерінен болса керек, биылғы оқулықтарды министр жата-жастана оқып жүргенге ұқсайды. Алайда, білім және ғылым министрінің оқулықтан басқа да маңызды істері бар екенін Сағадиев ұмытпаса, келесіде Сағынтаевтан сөз естимейтін болар.
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024