22-04-21 |
310 рет қаралған
Латын әліпбиінің тағы бір нұсқасы қоғам талқысына шығарылды.
Латын әліпбиінің тағы бір нұсқасы қоғам талқысына шығарылды

Мәдениет және спорт министрлігінің тіл саясаты комитеті «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президенті жарлығының жобасын қоғам талқысына шығарды. Талқыға ұсынылған латын әліпбиінің тағы бір жаңа нұсқасы төмендегідей:

Сондай-ақ мұның алдындағы латын әліпбиінің нұсқасы мен кейінгі нұсқасының салыстырмалы кестесіне де берілген. Оған қарап әріптерді латынша таңбалауда қандай өзгерістер болғанын көруге болады.

 

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру бірнеше жылдан бері қызу талқыланып келеді. Билік қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді кезең-кезеңімен жүзеге асырумақшы.

Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі Қазақстандағы орыс тілі үстемдігінің мәселесін шеше ме, жоқ па ол белгісіз.

Конституция бойынша қазақ тілі – мемлекеттік тіл болғанымен, конституцияда ресми тіл статусы бар орыс тілі іс жүзінде үстем тіл. Үкімет ұзақ жылдардан бері іс қағаздарды мемлекеттік тілге көшіру ісімен айналысып келе жатқаны туралы айтылғанымен ол әлі толық орындалған жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.