06-02-24 |
3980 рет қаралған
Мәди Тәкиев Қаржы министрі лауазымына тағайындалды.
Мәди Тәкиев Қаржы министрі лауазымына тағайындалды

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына тағайындалды».  Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді.

1978 жылы 1 сәуірде Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген.

1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы Д. Қонаев атындағы гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы Халықаралық бизнес университетінің Іскерлік әкімшілендіру магистрі дипломын алды.

Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Ғылым министрлігі – Ғылым Академиясының мемлекет және құқық институтында бас есепшісі болып бастаған.

2023 жылғы наурыздан бастап – VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.