24-08-20 |
1080 рет қаралған
Nickelodeon, TiJi және Disney телеарналары қазақша сөйлейді.
Nickelodeon, TiJi және Disney телеарналары қазақша сөйлейді

«Nickelodeon» балалар және жасөспірімдер телеарнасы, TiJi балалар телеарнасы және Дисней арнасы қазақ тілінде ақпарат таратпақ. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваға үш сұрақ хабарында министр айтты.

Жоғарыда аталған балалар мен жасөспірімдерге арналған телеарналарды қазақша сөйлету бағытында министрлік жұмысты бастап жатқан көрінеді. Бұл балалар мен жасөспірімдерге сапалы контентті қазақ тілінде тұтынуға мүмкүндік бермек.
Сондай-ақ министр «Әл Фараби» арнасы іске қосылмайтынын айтты. Министрлікте қазіргі ахуалға сай қолда бар ресурсты барынша қолдану керек деген шешім қабылданған.
Және де 30% – ға дейін сериал мен шетелдік контент қысқармақ. Бұл сериалдар мүлде болмайды деген сөз емес, бірақ негізгі бағыт аналитикалық және ағартушылық контентке берілмек.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.