24-07-21 |
340 рет қаралған
Нұр-Сұлтанда ЖЭО-3 6,5 млн шаршы метр тұрғын үйді жылумен қамтуға мүмкіндік береді.
Нұр-Сұлтанда ЖЭО-3 6,5 млн шаршы метр тұрғын үйді жылумен қамтуға мүмкіндік береді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында ЖЭО-3 құрылысы туралы айтты. 

«Жылу электр орталықтары – қаланы жылумен, электр қуатымен және ыстық сумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін стратегиялық нысандар. Қаланың күн санап өсіп келе жатқанын ескере отырып, ЖЭО қуатын арттыру қажет.

Бүгін ЖЭО-3 құрылысының барысымен таныстым. ЖЭО-3 бойынша жобаға түзету жүргізілді, құрылыс-монтаждау жұмыстары, оның ішінде су жылыту қазандығы да қалпына келтірілді. Нысанды іске қосу 2022-2023 жылғы жылыту маусымына жоспарланып отыр, қуаттылығы – сағатына 420 гигакалориядан астам. Бұл 6,5 млн шаршы метр тұрғын үйді, оның ішінде әлеуметтік нысандарды, әкімшілік ғимараттарды және т.б. жылумен қамтуға мүмкіндік береді. Жұмысты сапалы жүргізіп, қарқынын арттыруды тапсырдым.

Сонымен қатар, қаланы газдандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың арқасында биыл екі газ қазандығының құрылысы басталады. Олардың қуаты ЖЭО-3 қуаттылығынан екі есе артық. Қазандықтар бірінші кезекте жылу тапшылығы болуы мүмкін учаскелерді қамтамасыз ететін болады.

Сондай-ақ, қолданыстағы жылу электр орталықтарын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде: ЖЭО-1 және ЖЭО-2-де төрт су жылыту қазандығы газға ауыстырылды. Жыл соңына дейін қалған су жылыту қазандықтарын толықтай газға ауыстырамыз.

Жылу электр орталықтары мен газ қазандықтары бойынша жүргізілетін жұмыстар болашақ құрылыс аудандарын жылумен қамтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ экологияға оң әсерін тигізеді. 

Бұл мәселелер ел басшылығының бақылауында», — деп жазды елорда әкімі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.