27-02-24 |
3400 рет қаралған
Референдум арқылы «Әділетті Қазақстанға».
Референдум арқылы «Әділетті Қазақстанға»

Тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы референдум 1995 жылдың 29 сәуірінде өтті.  Референдумда «Сіз 1991 жылдың 1 желтоқсанында бүкіл халық сайлаған Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттік мерзімін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартуға келісесіз бе?» деген жалғыз сұрақ қойылды. Нәтижесінде бірінші президенттің өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.  

Одан кейінгі конституциялық референдум 1995 жылы 30 тамызда өтті. Сол кезде референдумға «Жобасы 1995 жылдың бірінші тамызында баспасөзде жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сұрақ қойылды. Жаңа Конституцияны сайлаушылардың 90%-ы қолдады. Содан бері 30 тамызда Қазақстанда мемлекеттік мереке – Конституция күнін мерекеленеді.

Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы үшінші референдум 2022 жылдың 5 маусымында өткен еді. Әдетте референдумда дауыс берушілерге сұрақ беріледі, оған «иә», «жоқ», «келісемін», «келіспеймін» немесе «қолдаймын», «қолдамаймын» деп жауап беруге болады. Осы жолғы Реформа «Жаңа Қазақстанға» бастайтын бірнеше ілкімді бастамаларды көздеді. Республикалық референдум нәтижесінде Ата Заңның үштен бір бөлігіне төмендегідей өзгеріс енгізілген болатын:

  • – Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық мәртебесін алып тастау;
  • – президенттің өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партияға кірмеуі;
  • – Конституциялық сот, Жоғарғы сот және өзге де соттардың төрағалары мен судьяларына, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелеріне партия мүшесі болуға тыйым салу;
  • – президенттің жақын туыстарына мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда басшылық – қызмет атқаруға шектеу қою;
  • – сенаттағы президент квотасын 10 депутатқа дейін азайту;
  • – мәжіліс депутаттарын 98-ге дейін қысқарту;
  • – төменгі палатаны пропорционалды және мажоритарлы жүйемен сайлау;
  • – Конституциялық сот құру;
  • – өлім жазасын толығымен жою.

Сондай-ақ, енді президентте аудан, қала, ауылдық округ әкімдерін лауазымынан босату құзыреті болмайды. Ал республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері мәслихаттың келісімімен тағайындалады. Мемлекет басшысы кемінде екі кандидатура ұсынып, дауысқа салады. 

«Республикалық референдум туралы» Заңға сәйкес, референдум оны өткiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр айдан ерте емес және 3 айдан кеш емес мерзiмде өткiзiледi. Ерекше жағдайларда Республика президентi референдум өткiзудiң басқа мерзiмiн белгiлеуі мүмкiн. Қазақстан президенті елде референдум өткізу туралы ұсынысты 2022 жылдың 29 сәуірінде енгізді.

Референдумда 18 жастан асқан азамат дауыс бере алады. Референдум барысында дауыс берушілерге дауыс беру уақыты мен орны туралы учаскелiк референдум комиссиясы дауыс беретiн күннен кемiнде он күн бұрын хабарлайды. Сондай-ақ дауыс беретiн нысанда көрнектi жерде референдумға қойылған мәселенiң, Конституция, конституциялық заң, заң жобаларының, оларға енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулардың мәтiнi iлiнуге тиiс.

Референдум өткізу бұл үлкен бастаманы қолдау немесе халықтң қалауымен терістеу. Референдум – бұл үлкен дипломатиялық институт. 2023 жылғы Президент жолдауында келесі маңызды Реформа – елімізге атом электр станциясын салу жобасына байланысты өтуі мүмкін екендігін айтқан болатын. Әрине кез-келген Реформа бұл елді экономикалық жағынан, саяси жағынан игілікке, мығым ел болуға бастар күш бола беретіндігіне сенім білдіреміз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.