06-05-19 |
1790 рет қаралған
Ресейде Әлия Молдағұловаға ескерткіші тұрғызылды.
Ресейде Әлия Молдағұловаға ескерткіші тұрғызылды

Ресейдің Петербор (Санкт-Петербург) қаласында қазақ халқының мақтанышы, Кеңес Одағының батыры, снайпер қыз Әлия Молдағұловаға ескерткіш ашылды, деп хабарлайды Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.

Әлия Молдағұлованың ескерткіші Петербор (Санкт-Петербург) қаласының батысындағы скверлердің бірінде, Красногвардия ауданындағы өз атына берілген көшенің 5-інші үйінде орналасқан. Биіктігі 3 метр қоладан жасалған мүсіндік композиция қызғылт гранитті тұғырға орнатылған. Онда батырдың есімі мен батырдың жапсырма жұлдызы бедерленген. Постаменттің сыртқы жағында мерген қыздың ерлігінің қысқаша сипаттамасы қашап жазылған.

Ескерткіш Петербор (Санкт-Петербург) үкіметінің, Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің, Ақтөбе және Атырау облысы әкімдіктерінің бірлескен жұмысының нәтижесінде тұрғызылған.

фото: kazembassy.ru
фото: kazembassy.ru

Ескерткіштің ашылу салтанатында елші Иманғали Тасмағамбетов сөй сөйлеп: «Батырлық – басқа қонатын бақ емес, жүректен ерлік боп шығатын сындарлы шақ. Ал біздің халқымыз үшін бұл – ұланына ғана емес, қыздарына да бірдей дарыған ұлттық қасиет. Сондықтан да, тарихымыздың әрбір беті ел басына күн туғанда ерлермен иық теңестіріп, жауға шапқан батыр рухты апаларымыздың есімімен хатталып, ел есінде сақталып келеді. Бүгін, міне, сол даңқты дәстүрді жалғастырушы, қазақтың қайсар қызы – Әлия Молдағұловаға Санкт-Петербург қаласының төрінен еңселі ескерткіш ашылып отыр» деген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.