06-03-20 |
420 рет қаралған
Сауат Мыңбаев: Ескі вагондардың бәрін бірден жаңарту мүмкін емес.
Сауат Мыңбаев: Ескі вагондардың бәрін бірден жаңарту мүмкін емес

фото: «Информбюро»

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев компания жұмысының жыл қортынысына арналған баспасөз мәслихатында ескі вагондар, жолаушылар пойызындағы санитарлық жағдай және теміржол жұмысшыларының еңбекақысы туралы айтты.

«Ескі вагондар бар. Олардың бәрін бірден жаңарту мүмкін емес. Пойыздағы санитарлық жағдайға қатысты да мәселе бар. Оны да бірден шешіліп кетеді дей алмаймыз. Бірақ бұл тарапта жұмыстар жасалып жатыр» деді С.Мыңбаев.

Сондай-ақ ол темір жол жұмысшыларының жалақысы мәселесіне де тоқталды.

«Еңбекақы компанияның қаржылық жағдайына байланысты. Соған қарамастан қаңтар айынан бастап жалақы 5% өсті. Қазіргі еңбекақы монополияға қарсы агенттіктің мөлшермесінен асып тұрса да темір жол қызметкерлерінің жалақысы әлі төмен. Бұл тарапта бар мүмкіншілікті пайдаланып, алдағы уақытта да жалақы мәселесін шешуге бағытталған жұмыстарды жалғастырамыз» деді Мыңбаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.