19-01-24 |
8560 рет қаралған
«Шығыс-ақпарат» директорының газет шығармай отырғаны – мемлекетке қарсы диверсия.
«Шығыс-ақпарат» директорының газет шығармай отырғаны – мемлекетке қарсы диверсия

Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газеті — халық сүйіп оқитын басылым.  Солт газеттің шығуы тоқтады, дейді. Онсыз да интернет,  фейсбук,  тик токтан көз алмай жүргенбіз,  енді тіпті жарасатын болдық. 

Бұл не өзі, тірес пе, не нәрсе.  Сонда халықтың жағдайын, оқырманның құқын кім ойлайды?!   Осындай бассыздықтарға кім жол береді?   Шығыстың шырайын келтіріп тұратын осы қазақша оқырман оқитын газеттің тағдыры қыл үстінде тұрғаны жүректі қан жылатады.  “Бас басына би болған өңкей қиқым” деп, Абай хакім айтқандай, немене бөлісе алмай жүрсіздер?  Газет арқылы жанжалмен жеке бастарыңыздың  істерін шешіп, мен баспахананы жаптым, күшім соған жетті деп мақтанбақсыздар ма?

 Газетке мақала бермекші болып жүрсем, мынадай жағдай алдымнан шықты…  Сұмдық қой!  Сонда шырылдап жүрген — Өскемендегі жалғыз Мейрамтай Иманғали деген журналист.  Қанша жалақысы төмен болса да, бүкіл өмірін осы газетке арнады ол.  «Шығыс ақпарат»  директорының газетті шығармай отырғаны — мемлекетке қарсы диверсия! Одан басқа ештеңе емес.

Бақытгүл Ауғанбаева

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.