02-03-22 |
490 рет қаралған
Шымкентте 1 миллион құрт пен 1 миллион бауырсақ таратылды.
Шымкентте 1 миллион құрт пен 1 миллион бауырсақ таратылды

Алғыс айту күнінде Шымкент қаласының 15 ірі сауда ойын-сауық орталығы мен қалалық саябақтарда, әуежай, темір жол вокзалы, базарлар мен студеттер көп тұратын шағын аудандарда 1 миллион құрт пен 1 миллион бауырсақ таратылған.

Іс-шараға қатысқан қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан бүгінгі мерекенің ауқымы мұнымен шектелмейтінін және ел игілігі үшін қызмет еткен азаматтарға алғыс айтуға жалғасатынын жеткізді.

–Бұл мереке түрлі тарихи кезеңдер мен оқиғалардың салдарынан қазақ жеріне қоныс аударған этнос өкілдерінің мемлекет құраушы қазақ халқына құрмет көрсететін, қамқорлығы мен мейірбандығы үшін алғыс айтатын күні. Бірақ, бүгінде мерекенің ауқымы мұнымен де шектелмейді. Біз бұл күні ақ жаулықты аналарымызға, ақ сақалды қарияларымызға, айналасындағы адамдардың игілігі мен елдің дамуы үшін тынбай еңбек етіп жүрген азаматтарымызға алғыс айтуды, ризашылығмызды білдіруді дәстүрге айналдырып келе жатырмыз,-деді қала әкімінің орынбасары.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.