07-11-24 |
4110 рет қаралған
Су тасқынынан зардап шеккендерге берілген үй өте сапасыз болып шықты.
Су тасқынынан зардап шеккендерге берілген үй өте сапасыз болып шықты

Атбасар қаласындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға берілген жаңа баспаналардың сапасы туралы шағымдар туындады

2024 жылдың тамыз айында Ақмола облысы әкімі қолынан көптен күткен үйінің кілтін алғаны мәлім. Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар жаңа үйлерін үш жыл күткен еді. Бірақ қоныс тойынан кейін арада екі ай өтпей жатып, жаңа үйдің мәселелері айқын көріне бастады. Тұрғындардың айтуынша, едендері сынып, қабырғаларында үлкен жарықтар пайда болып жатыр. Бұған қоса, жаңбыр суына арналған ағызу жүйесі мүлде қарастырылмаған, сондықтан жауын суы үйдің іргетасына ағып кетеді. Тұрғындар көктемгі еріген қар суының салдарынан үйдің құлап қалу қаупінен қорқады.

Анықталғандай, жергілікті әкімдік бұл проблемалардан хабардар. Әкімдік қызметкерлері жақын арада пәтерлердегі барлық ақауларды жоюға уәде беріп отыр. Қазіргі уақытта мердігер компания жертөлелерді тазалап, суық су жүйесін жылу оқшаулау жұмыстарын жүргізіп, жылу есептегіштерін орнатып жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.