08-12-23 |
790 рет қаралған
Тимур Құлыбаев «KAZENERGY» басшылығынан кетті.
Тимур Құлыбаев «KAZENERGY» басшылығынан кетті

Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, олигарх Тимур Құлыбаев «KAZENERGY» басшылығынан кетті.

«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы болып Мағзұм Мырзағалиев сайланды.

Бұл шешім 8 қарашада Алматы қаласында өткен «KAZENERGY» Кеңесінің отырысында қабылданды.

«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы мұнай-газ саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында 2005 жылдың 2 қарашасында құрылды.

Бүгінде қауымдастық мұнай-газ, электр энергетикасы және атом өнеркәсібі салаларындағы компанияларды біріктіреді. Қауымдастықтың мақсаты – әлемде және елімізде энергетикалық және экологиялық саясаттағы өзгермелі басымдықтар жағдайында ҚР энергетика саласының (мұнай-газ және электр энергетикасы) тұрақты және теңгерімді дамуына жәрдемдесу.

Қауымдастық төрағасының лауазымы қоғамдық жұмыс болып есептеледі, оған жалақы төлеу қарастырылмаған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.