25-09-20 |
460 рет қаралған
Аймағамбетов коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.
Аймағамбетов коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирусқа қарсы Қазақстанда жасалып жатқан вакцинаны салдырған. Мұны министрдің өзі растаған. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ақпараттың БАҚ арқылы таралуын қаламадық. Бірақ бұл туралы ғылыми институттың директоры айтқан екен, Иә, ақпаратты растаймын. Содан бері бір айдан астам уақыт өтті. Өздеріңіз білетіндей, қазір қазақстандық COVID-19-ға қарсы вакцина клиникалық сынақтан өтіп жатыр. Оны әзірлеумен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты айналысты. Әуел бастан осы жобаның әр кезеңін қадағалап, клиникаға дейінгі зерттеулердің нәтижелерімен күнделікті танысып отырдым. Сондай-ақ сараптама нәтижелері мен вакцинаның тиімділігін байқадым. Сондықтан отандық вакцинаны өзіме салдыру туралы шешім қабылдадым. Содан бері біраз уақыт өтті. Қазіргі уақытта жағдайым жақсы, ешқандай кері әсері болған жоқ, температурам қалыпты», – деді министр.

Коронавирусқа қарсы вакцинаны Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты дайындап жатыр.

26 шілдеде вакцинаны дайындаушы ғалымдардың бесеу ерікті түрде өздеріне вакцина салғандары мәлім болған еді. Кейін дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстан вакцинасына 29 тамызда клиникалық сынақтар жүргізуге рұқсат берген. Осыған қарамастан үкімет Ресейдің вакцинасын сатып алуға туралы келісімге келгені белгілі.

Тағы да оқи отырыңыз:

Қазақстанда бес адам коронавирусқа қарсы вакцина алып, сынақ жасаған

Ресейдің күмәнді вакцинасын Қазақстан сатып алмақшы

Қазақстан вакцинасына ДСҰ клиникалық сынаққа рұқсат берді

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.