28-10-24 |
4950 рет қаралған
Алматыда Әбдіжәміл Нұрпейісовтің құрметіне мемориалдық тақта орнатылды.
Алматыда Әбдіжәміл Нұрпейісовтің құрметіне мемориалдық тақта орнатылды

Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 100 жылдығына орай Алматыда мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ескерткіш тақта әлемге әйгілі «Қан мен тер» тарихи-революциялық трилогиясының авторы тұрған үйдің қабырғасына, яғни Төлебаев көшесіндегі 156 үйге орнатылды.

Іс-шараға танымал әдебиетшінің туыстары мен жақындары Шұға Нұрпейісова, Кәрім Нұрпейісов, сондай-ақ жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

«Әбдіжәміл Кәрімұлы отандық және әлемдік әдебиет тарихында жарқын із қалдырып, ХХ ғасырдағы қазақ мәдениетінің символына айналды», – деп атап өтті салтанатты іс-шара барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков.

Сондай-ақ, бүгін Алматыда белгілі жазушылар, сыншылар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен «Әлем таныған Әбдіжәміл» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, онда Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева  құттықтау сөз сөйледі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.