03-11-20 |
1050 рет қаралған
Ауған соғысының ардагерлері Бақытбек Смағұлдың өтірігін ашты.
Ауған соғысының ардагерлері Бақытбек Смағұлдың өтірігін ашты

Ауған соғысының ардагерлері мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұлдың «Қызыл Жұлдыз» ордені мен «Ерлігі үшін» медалін алғаны өтірік екенін дәлелдепті. Бұл жайында бүгін журналист Асылхан Мамашұлы фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Ауған соғысының ардагерлері мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұлдың «Қызыл Жұлдыз» ордені мен «Ерлігі үшін» медалін алғаны өтірік екенін дәлелдепті. Сенбейін десем «бұл мәселе ардагерлер кеңесінде 2012 жылы қаралып, Бақытбек Смағұл мұнан кейін «Қызыл жұлдыз» орденін тақпауға уәде берген» деп нұротанның мәжілістегі фракциясы жауап беріпті.
Ауған соғысының ардагерлері осы қарқынмен Бақытбек Смағұлдың сүйікті елбасысы Назарбаевтың екі мәрте «Қазақстанның халық қаһарманы» атағын алғанын ескеріп, алғашқысымен қашан, қай уақта, қалай марапатталғаны жайлы нұротаннан сұраса… нұр үстіне нұр болар еді», – деді Асылхан Мамашұлы.

Бұған қоса, Серік Әбдібеков есімді азамат facebook әлеуметтік желісінде депутат Бақытбек Смағұлдың жоғарыда аталған ордені мен медалі туралы жазба жариялап, жазбасына екі құжаттың фотосуретін жариялады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.