04-07-23 |
2220 рет қаралған
Дәулет Тұрлыханов: Қай ата-ана өзінің баласын жаман болсын дейді?!.
Дәулет Тұрлыханов: Қай ата-ана өзінің баласын жаман болсын дейді?!

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов ұлы Нұрасылға қатысты үндеу жасады.

«Соңғы кезде менің ұлыма қатысты ақпарат кеңістігінде тарап жатқан хабарларға байланысты өздеріңізге үндеуімді жариялап отырмын.

Соңғы бес айда әлеуметтік желілерде ұлыма қатысты жағдайға байланысты өте көп ақпарат шығып жатыр. Ия, бұл жағдайдың болғаны рас, алайда оны қоғамдық ортаға қайта-қайта сала берудің жөні жоқ деп есептеймін. Жағдай орын алғанда, мен өз пікірімді ашық айтқанмын. Барлық жағдай заң жүзінде шешілуі керек дегенмін.

Қазіргі кезде қоғамдық ортада менің ұлымның бір қателігінен басқа, қаншама айтылатын өзекті мәселелер бар емес пе?! Осы орайда, ұлыма байланысты жағдайдың қоғамда үлкен ақпаратқа айналғаны түсіниксіз. Жарайды, ақпараттар шығып жатыр, осы арқылы хайп жинап, қоғамда рейтингін өсіремін дегендер өз мақсатына жеткен шығар. Енді менің ойымша бұл мәселені осы жерден доғарғанымыз дұрыс.

Осы ақпараттар менің ұлыма үлкен психологиялық ауыртпалық түсіріп жүргенін сеземін. Ол әли жап-жас жігіт. Оның жасағаны дизертирлік емес, былайша айтқанда, балалыққа салынып «самоволкаға» шығып кеткені. ұлымның Қазақстан Қарулы күштерінің сапында жауынгер болып жүргенін мақтан этемін. Ол жастықтың жалынымен қателік жасағаны түсінікті. Ғашық болып жүрген бала, сүйген қызы келген екен, соған шығып кеткен. Бұл енді жастық сезім, махаббат сезімі. Әрине, мен оны ақтамаймын. Қай ата-ана өзінің баласын жаман болсын дейді?!

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Дәулет Тұрлыханов (@daulet_bolatuly_turlykhanov)

Осы жағдайға байланысты ақпараттардан хабардар болып отырған баламның қазіргі психологиалық жағдайы мені қатты алаңдатады. Құдай сақтасын, осы жағдай баламның тағдырын тәлкекке салып, қандай да бір оқыс әрекетке баруына сеп болса, мен де өз тарапымнан қарап қалмаймын, қолданыстағы заң шеңберінде ә рекет етемін.

өмірімнің басым бөлігін үлкен спортқа арнаған адаммын. Он жыл СССР құрамасында күрестім, Тәуелсіз Қазақстанның туын тұңғыш рет Олимпиада ойындарында көтеріп шықтым. Өзім спортты қойғаннан кейін, бапкер ретінде Азия, Азия ойындары, Әлем және Чемпион Олимпиады дарын тәрбиелеп шығардым. қазақтың ұлы болғаным Меныма мақтанамын! Қазақ үшін төгілген қара терім мен өлшеусіз еңбегімді халқым бағалаған, әлі де бағалап, құрметтеп келеді», – деп жазады Тұрлыханов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.