12-05-21 |
1210 рет қаралған
Еліміздегі 1 200 ауылда интернет желісі мүлдем жоқ.
Еліміздегі 1 200 ауылда интернет желісі мүлдем жоқ

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ауылдағы интернет мәселесін шешуге кірісті.

«Қазіргі кезде 1 200 ауылда интернет мүлдем жоқ. Ал 510 ауылда интернет сапасы өте төмен. Сондықтан біз алдымен 2022 жылдың соңына дейін осы 500 ауылға сапалы интернет беруді жоспарлап отырмыз. Сол кезде 1 200 ауылға да интернет беріледі. Бірақ оны One Web технологиясы арқылы жеткіземіз», – деді Мусин мәжіліс отырысында.

Осы орайда министр 50 адамнан аз тұратын ауылдарға интернет беру мәселесінің әлі де талқыланып жатқанын жеткізді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.