29-03-21 |
540 рет қаралған
Есімов Назарбаевқа рахмет айтты.
Есімов Назарбаевқа рахмет айтты

Үкімет басшысы Ахметжан Есімовтің ұзақ жылдар бойы елге сіңірген еңбегін атап өтті.

Өз кезегінде Ахметжан Есімов те Елбасымен 30 жылдан астам уақыт еңбек еткенін айтып, ерекше алғыс білдірді. Ол Қордың жеткен жетістіктері Тұңғыш Президенттің халықтың тұрмысын жақсарту және мемлекетімізді гүлдендіру бағытында жүргізген саясатының арқасында еліміз қол жеткізген толағай табыстың шағын бір бөлігі ғана екенін атап өтті.

Ол тоқсаныншы жылдардан бастап, Үкіметте әртүрлі қызметтерде бірге жұмыс істеген елдің қазіргі Президентіне үлкен табыстар тіледі.

Сонымен қатар, Ахметжан Смағұлұлы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының ұжымына ризашылығын білдірді.

Ахметжан Есімов Қорды басқарған кездегі оң істерді де атап кетті. Есімов тұсында Үкіметке дивидендтері 10 есеге артқан. Ұлттық қорға мерзімінен бұрын қайтарылған несиелер 554 миллиард теңгені құрайды. Ал Қордың таза активтерінің құны 39 пайызға артты. Және жаңа сатып алу моделі Қорға 410 миллиард теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.