15-06-21 |
850 рет қаралған
Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе Қазақстандағы ең лас қалалар қатарында.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе Қазақстандағы ең лас қалалар қатарында

Қазақстанда ауасы ластанған 10 қаланың тізіміне Нұрсұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент кірді.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы Мағзұм Мырзағалиев хабарлады.

“2020 жылдың қорытындысы бойынша атмосфералық ауаның экологиялық мониторингіне сәйкес 45 өнеркәсіптік қала мен мегаполистің ішінде 10 қала атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғарылаған. Бұл Нұрсұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары”, – деп атап өтті Мырзағалиев.

Оның айтуынша, ластаушы заттар шығарындыларының жалпы көлемі 2,5 млн тоннаны құрады.

“Жер үсті суларының ластануының негізгі себептерінің бірі – ескірген кәріз және тазарту қондырғылары. Жалпы ел бойынша 2020 жылы төгінділердің жалпы көлемі 1,1 млн тоннаны құрады”, – деп атап өтті ведомство басшысы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.