25-01-21 |
590 рет қаралған
Қазақстан «қызыл» аймаққа кірді.
Қазақстан «қызыл» аймаққа кірді

Қазақстанда COVID-19  инфекциясының таралу жылдамдығы өзгерді. Аймақтарда коронавирус жұқтырғандар саны көбейді.  Соңғы тәулік ішінде ел «қызыл» аймақта, деп хабарлайды ХАБ-тың ресми Telegram каналы.

Қазір Нұр-Сұлтан, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта.

«Сары» аймақта – Алматы, Қарағанды ​​және Алматы облыстары бар.

Еліміздегі басқа облыстар жасыл аймақта.

Еске салайық, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияның бір жарым мыңнан астам жағдайы расталды. Алты адам асқынудан қайтыс болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.