03-07-21 |
480 рет қаралған
Қуаңшылықтың зардабын айтқан Мамытбеков қол қусырып отыра бере ме?.
Қуаңшылықтың зардабын айтқан Мамытбеков қол қусырып отыра бере ме?

Биылғы қуаңшылық диқандарға да, малшыларға да қиын болып тұр. Енді осы тығырықтан қалай шығуға болады? Бұл сұраққа бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі, ет одағының төрағасы Асылжан Мамытбеков нақты жауап айтқан жоқ. 

Асылжан Мамытбеков қазір фермерлердің жағдайы барынша жасау керек деген ұсыныс білдірді. 

«Егер осылай қол қусырып отырсақ, жағдай нашарлай бермек. Өйткені жем-шөптің жетіспеушілігі қыс пен көктемде айқын білінеді. Егер фермерлер қысқа қарай жем-шөпсіз өтсе, онда малдың шығыны, фермерлердің экономикалық шығыны көбейеді. Биылғы жердің ерекшелігі қуаңшылық басым жерді алып отыр. Қыста, күзде жем-шөпті ақшаға да сатып ала алмай қалуымыз мүмкін. Сондықтан қазірден бастап қимылдауымыз қажет. Қазір фермерлердің жағдайына мән бергеніміз жөн. Егер олардың ауызы қолына жетіп жатса, фермерлер қысқа азық жинай бастайды», – дейді Мамытбеков.

Оның айтуынша, үкімет уақыт жоғалтпай қазірдің өзінде нақты шаралар қабылдауы керек.

«Үкімет несие жағынан қиындыққа тап болған шаруларға жеңілдік жасап, қарыз мерзімін ұзартуы керек. Бүгінде техника, шөп аламын дейтіндерге жеңілдетілген несие берген дұрыс. Қазір диқаншылардың жағдайы малшыларға қарағанда жаман емес. Мәселен, бидай сынды, басқа да дәнді дақыл егетіндер астықтан қалған сабанды үгітіп, далаға шашып тастайды. Сол себепті осы тұрғыда түсіндіру шараларын жүргізген жөн. Ұйымдастыру жұмыстарын күшейткен жөн», – дейді экс-министр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.