21-02-21 |
950 рет қаралған
Тоқаев Жаңатастағы балалар өлімін ел трагедиясы деп атады.
Тоқаев Жаңатастағы балалар өлімін ел трагедиясы деп атады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңатас қаласында қайғылы оқиғадан қаза болған балалардың ата-анасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасына жазды.

Мемлекет басшысы Әбдімәліковтер отбасының қайғысымен бөлісіп, қаза болған балалардың ата-анасы мен туыстарына көңіл айтқан.

Президент бұл жағдайды бір ғана отбасының емес, бүкіл еліміздің басына түскен трагедия деп атады.

Ол балалардың ата-анасына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.

Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхатын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жеткізді.

Айта кетейік, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы пәтерде болған өрттен бір отбасының бес баласы қаза болды.  Пәтер ішінде ата-ананың қарауынсыз қалған балалар 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылы туған.

Елді есеңгіреткен оқиғаға қатысты Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жаңатас қаласында өрттен қаза болған бес баланың ата-анасына көңіл айтты.

Кейін желіде отбасыға қатысты тың деректер шықты. Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева өрт кезінде қайтыс болған бүлдіршіндерге желіде  жоқтау арнады.

Қайғылы жағдайға байланысты шұғыл құрылған арнайы комиссия Жаңатаста бес бүлдіршіннің өліміне әкелген өрт тез тұтанғанын хабарлады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.