15-03-21 |
410 рет қаралған
«Жағдайлары өте ауыр»: Алматылық дәрігерлер ұшақ апатынан аман қалғандар туралы айтты.
«Жағдайлары өте ауыр»: Алматылық дәрігерлер ұшақ апатынан аман қалғандар туралы айтты

Алматыдағы №4 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінің дәрігерлері апатқа ұшыраған АН-26 әскери ұшағынан аман қалғандардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Дәрігерлер ұшақ апатынан зардап шеккен екі адамның өмірі үшін күресуде. Науқастар № 4 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

«13 наурызда болған әуе апатынан зардап шеккен екі адам №4 қалалық клиникалық ауруханаға сағат 18:05-те өте ауыр жағдайда түсті. Екеуінің жағдайына қатысты ауруханалар мен ведомстволық медициналық қызмет мамандарынан тұратын қалалық консилиум өтті. Зардап шеккендерді емдеп жатырмыз, бірақ жағдайлары өте ауыр», – дейді Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі Жандос Дәулетбеков.

Естеріңізге сала кетейік, 13 наурызда 17.22-де Ан-26 ұшағының апатқа ұшырады. Төтенше жағдайға байланысты Алматы әуежайы жабық.

ҰҚК әскери ұшағында қаза болғандардың отбасына мемлекет басшысы көңіл айтты.

Кейін Алматы әуежайы маңында апатқа ұшыраған Ан-26 ұшақ бортында болған әскерилердің есімі аталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы әуежайы маңында ұшақ апатынан қаза болғандардың тәжірибелі мамандар екенін жазды.

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.