26-04-19 |
4660 рет қаралған
2019 жылы Разамазан айында берілетін пітір садақаның мөлшері мен ораза кестесі жарияланды.
2019 жылы Разамазан айында берілетін пітір садақаның мөлшері  мен ораза кестесі жарияланды

ҚР Мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері – 300 теңге болып бекітілді.

Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.

Биыл Рамазан айы 6 мамырда басталады.  Мұсылмандар 30 күн ауыз бекітеді. Қасиетті Қадір түні – 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн. Ал 5,6,7 маусымда ораза айт тойланады.

Сондай-ақ Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы биылғы жылға бекітілген ораза кестесі мен намаз уақытын жариялапты.

Басқа қалалар мен елдімекендерді толықтай басқарма сайтынан таба аласыз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.