Жеңгетайлықпен айналысқан стриптиз-клубтың иесі мен үш әкімші ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ІІД мамандарының мәлімдеуінше, клубтың қылмыстық әрекеттерін дәлелдеу үшін алматылық ҰҚКБ қызметкерлері бірқатар шұғыл және арнайы іс-шараларды қолға алған.
«Мекеменің иесі мен әкімшілері күдікке ілінді, олар алдын ала келісіп, оңай олжа табу мақсатында клубқа келушілерге жеңіл жүрісті қыздарды ақшалай сыйақы негізінде ұсынып отырған. Бұл схема мұқият ойластырылған, әр фигуранттың рөлі тиісінше бөлінген. Мысалы, өздері атағандай, қызметкер қызбен бір түнді өткізуді олар 300 долларға бағалаған. Егер клиентке лайықты апартаменттер қажет болса, ақының көлемі де соншалықты өсіп отырған. Өткен түні күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды. Біз барған кезде клубтағы «жұмыс орындарында» жеңіл жүрістегі 22 қыз болды, олардың үшеуі Ресейдікі, тағы екеуі Өзбекстандыкі», – деп хабарлады Алматы қаласы ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының басшысы Берік Әбілбеков.
Күдіктілердің әрекеті ҚР ҚК 309 бабы 2 бөлімі бойынша тергеледі – жеңгетайлық. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргіліп жатыр.
-
10.10.2024
-
10.10.2024
-
10.10.2024
-
10.10.2024
-
10.10.2024
-
10.10.2024
-
10.10.2024
-
10.10.2024
-
10.10.2024