15-02-24 |
9390 рет қаралған
Altel мен Tele2 операторларын қатарлық компания сатып алатын болды.
Altel мен Tele2 операторларын қатарлық компания сатып алатын болды

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қатарға мемлекеттік сапары барысында Altel мен Tele2 операторларын қатарлық Power International Holding компаниясы сатып алатыны белгілі болды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин екі оператордың сатылатынын растады.

«Президенттің арқасында телекоммуникация саласын демонополизациялау бастамасы алға жылжып, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ және Power International WLL Қатар холдингі арасындағы телекоммуникация саласындағы ынтымақтастық туралы келісім түрінде жалғасын тапты.

Жеке бизнес бәсекелестік бар ортада ғана тұтынушылар үшін қолайлы нарық үлгісін құра алады. Телекоммуникация саласын одан әрі дамытудың негізгі факторы – демонополизация. Мемлекет басшысы осы бағытты қолдап, маңыздылығын үнемі айтады», – деді министр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.